$ 494.87  520.65  4.91

Күйеуінің құрбыларымен төсектес болғанын білген әйел елге мұңын шақты

Күйеуімен отасқанына 20 жыл болған келіншек оның көзіне шөп салғанын айтып, мұңын шақты. Бұл туралы alashainasy.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Бес баласы бар жанұяның отағасы ауылдағы көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі болып қызмет атқарады екен. Ал өзі мұғалім болып жұмыс істейтін әйел осы уақытқа дейін күйеуінің опасыздығы жайында білмеген.

Ол жақында ғана бәрін байқап жүрген балаларының көмегімен шындықтың беті ашылғанын айтады.

Ең сорақасы, күйеуінің құшағына кіріп жүргендер үйге келіп, бірге шай ішіп жүрген келіншектер екен. Олардың арасында, тіпті, жаңа жылды бірге қарсы алып жүрген көршісі, сериалдарды қосыла тамашалаған құрбылары да бар көрінеді.

Ал бұл туралы естігенде күйеуінің де беті бүлк етпепті. Керісінше, төсекте бірге болған серіктерін атап, тізіп те шыққан екен.

Олардың көбі ауылдағы "кәрі қыздар" мен отбасылы келіншектер болып шығыпты. Алайда күйеуі бұл ісінен ешқандай кінәрат байқамаған екен.

"Бірақ менің еш кінәм жоқ. Мен оларға тек сұрағандарын бердім. Тойымсыз нәпсілерін қанағаттандырдым", - деп ақталған опасыздық жасаған жұбайы.

 

Қазір әйел не істерін білмей жүргенін, ажырасайын десе балаларының болашағын ойлайтынын айтады. Ол енді мектепте сабақ беруге де ұялатынын жеткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары