Белгілі саясаткер, экономист Мұхтар Тайжан өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қолданыстағы бірнеше сөзді тізіп, қатесін түзеді.
«Kazakhstan емес – Qazaqstan, Этноаул емес – Қазақ ауылы, Ұлы дала емес – Қазақ даласы, Казаxстанско-узбекские отношения емес – казаxско-узбекские отношения.
Біз неге осы қазақ «казаxские» деген сөзден қашамыз? Ал «казаxские понты», «казаxская коррупция», «сделано по-казаxски» (негативтік мағынасында) деп жаза береміз», – деген ол құлдық санадан арылу керектігін жазды.
Саясаткердің бұл жазбасын 800-ден астам адам ұнатып, 90-ы бөліскен.