Таразда жолаушылар автобусы мен жедел жәрдем көлігі соқтығысып, салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Жол апаты 3 сәуір күні болған. Қазақ тапқандар жоқ. Автобустағы 1 жолаушы мен жедел жәрдем көлігіндегі 3 адам жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
«ГАЗель-32214» маркалы жедел жәрдем каретасы мен DONG FENG маркалы жолаушылар автобусы соқтығысты. Қажетті сараптамалар тағайындалды», – делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.