Шымкентте жаңа өмірге қадам басқан жас келін дауыс беруге беташар орамалымен келді. Бұл ақпаратты қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Бұл Шымкент! Жас отау құрған жастар және беті ашылмаған келіншек» деп жазды әкім желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бүгін елімізді кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.