$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде алдағы үш күнде найзағай ойнап, жауын жауады

Метеорологиялық болжамға сүйенсек, 24 тамыз бен 26 тамыз аралығында Қазақстанда күн суытып, жауын-шашын күтілуде.

Қазақстанда алдағы үш күнде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологиялық болжамға сүйенсек, 24 тамыз бен 26 тамыз аралығында Қазақстанда күн суытып, жауын-шашын күтілуде.

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде найзағай аралас жаңбыр мен ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Бұған дейін ауа температурасы 35…40°С-қа көтерілген аймақтарда термометр бағамы 20…30°С-қа дейін төмендейді.

Ал, еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында найзағай аралас жаңбыр мен қатты жел болады деп болжануда. Ал, оңтүстік-шығыс облыстарда жауын-шашын болмайды.

Синоптиктердің сөзінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Ал, орталық пен шығыс өңірлерде 25…35°С ыстық болып, демалыс күндері жауын-шашын болмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы