$ 443.85  474.3  4.8

Тоқаев бірнеше елдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшілерін тағайындады

Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Skifnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", - делінген ресми құжат мәтінінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары