Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Skifnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;
Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;
Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;
Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", - делінген ресми құжат мәтінінде.