$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстандағы автоөндіріс саласы мүлдем құрдымға кетуі мүмкін

2016 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда небәрі 428 дана жеңіл автокөлік шығарылған. Былтыр дәл осы мерзімде отандық автомобиль жасау зауыттарынан 5522 дана көлік нарыққа жол тартқан болатын деп жазады Informburo.kz.

Energyprom.kz сайтының мәліметінше, шығарылған көліктердің құны биыл 80 пайызға дейін қысқарып отыр. Мәселен, өткен жылдың бірінші тоқсанында 31 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, биыл бұл көрсеткіш 6,5 миллиард теңгені құраған. Аталған саладағы көрсеткіштердің құлдырауы осымен екінші жыл қатарынан жалғасып келеді.

Әсіресе, жеңіл автокөлік өндірісі айтарлықтай құлдырап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда зауыттан шыққан көліктер саны 13 есеге аз, яғни небәрі 428 дана. Ал, жолаушылар тасымалдайтын көліктер екі есеге – 55-тен 27 данаға дейін қысқарған. Жүк көліктері – 14,2%-ға, тіркеуіштер 8,8%-ға аз шығарылды.

Сонымен қатар, халық тарапынан Қазақстанда жасалған жеңіл көліктерге сұраныс осы мерзімде 5 есеге дейін төмендеген. Шығарылған көліктердің 91 пайызы импортталса, экспорт 2,9 пайызды құрап отыр. Тұрғындардың дені көлікті автосалоннан емес, базардан сатып алғанды жөн көреді екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары