$ 494.87  520.65  4.91

Биыл 3 айда 5,5 мың адам Қазақстанды тастап көшіп кеткен

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстаннан көшіп кетіп жатқандардың статистикасын жариялады. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында елден біржол кеткендер саны 5 434 адамды құраған. Министрлік мамандарының айтуынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп деп жазады Informburo.kz.

Көші-қон полициясының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстанға көшіп келгендер саны 3053 адамды құраған. Бұл өткен 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,7 пайызға аз. Ал, елімізден көшіп кетіп жатқандар саны керісінше артып отыр, яғни 5 434 адамды құраған. Келушілер мен кетушілердің айырмасы 2381 адамды құрап отыр.

Ведомствоның мәліметінше, кетіп жатқан қазақстандықтардың көбі ТМД аумағындағы елдерге қоныс аударған.

Ал, Статистика комитетіндегілер былтыр да көшіп кеткендер санының көп болғанын айтып отыр. Мәселен 2015 жылдың алғашқы он айында елді 25 мыңнан астам адам тастап кеткен. 2014 жылдың 12 айында бұл көрсеткіш - 29 мыңды, 2013 жылы 24 384 адамды құрапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары