$ 494.87  520.65  4.91

Үкімет зейнетақы қорындағы тағы 30 млрд теңгені жұмсайтын болды

Бұған дейін Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы 15 миллиард теңгенің ЭКСПО аумағындағы нысандардың құрылысына жұмсалатыны айтылған болатын. Енді Үкімет тағы 30 миллиард теңгені экспорттық жобаларға жаратпақшы.

Халықтың ондаған жылдар бойы тіртінектеп маңдай термен жинаған осынау қаражатын үкімет бірнеше айда игеретінін айтты. Бұл туралы Informburo.kz порталы хабарлап отыр.

Бүгін Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов бюджеттен бөлінетін 15 млрд теңгені экспортты қаржыландыруды ынталандыру үшін жұмсалатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл қаражатты БЖЗҚ-дан бөлінетін 30 млрд теңгемен қосып, экспорттық жобаларды қаржыландыру жоспарланған. Бұл жобалардың қатарында мақұлданған 4 жоба бар, олар: "Шымкентмай" ЖШС, "Масло-Дел" ЖШС, "Евраз Каспиан Сталь" ЖШС және "RG Brands" ЖШС. Бұл жобалардың жалпы құны 9 млрд теңге. Ал, қаралып жатқан тағы 10 жоба 21,9 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Құсайыновтің пікірінше, Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үкғімет 45 млрд теңге алып, 2016 жылдың қараша айына дейін оны игереді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары