$ 447.4  477.55  4.76

Мемқызметкерлерге ортақ киім үлгісі болмайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметкерлерге ортақ киім үлгісі енгізіледі деген ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекеттік қызметкерлерге арналған ортақ киім үлгісі туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз", - дейді Агенттіктің ресми өкілі Ақжан Рсалдинов.

Оның айтуынша, мемқызметкердің киім үдгісі қызметін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделіне нұқсан келтірмеуі керек. Сондай-ақ, киім үлгісі шенеуніктің іскерлігін, ұқыптылығын көрсетіп тұруы тиіс.

Естеріңізге салайық, бұған дейін отандық БАҚ беттерінде мемқызметкерлерге арналған ортақ киім үлгісі пайда болады деген ақпарат тараған болатын. Бұл тақырып әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары