$ 498.34  519.72  4.85

Биыл Қазақстанға 11 мың оралман отбасы көшіп келген

Биылғы жылы Қазақстанға 11 мың оралман отбасы келді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Бұл туралы «Азаматтық қоғам дамуының жағдайы және перспективалары» тақырыбында өткен форумның пленарлық отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов хабарлады.

«Сіздердің назарларыңызды тағы бір өзекті бағыт – Қазақстанға келген отандастарымызды әлеуметтік бейімдеу мәселесіне аударғым келеді. Мұнда да мемлекет пен ҮЕҰ өз әлеуетін дұрыс қолдана алмай отыр. Биылғы жылы елімізге 11 мың отбасы көшіп келді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Отандастарымыз құжаттарды рәсімдеу, білім алу, әлеуметтік бейделу тұрғысында көмекке зәру болып отыр. Дәл осы мәселеде ҮЕҰ-ның рөлі ерекше маңызды деп білемін. Өйткені, оралмандарды жаңа қоғамға әкімшілік механизмдерді қолдана отырып бейімдеуге болмайды. Мұны тек оларды бірте-бірте қоғамдық құрылымдарға тарту арқылы жүзеге асыруға болады», - деді вице-премьер.

Сондай-ақ, вице-премьер өңірлердегі азаматтық қоғам институттарының даму проблемасын атап көрсетті.

«Жасыратыны жоқ, танымал үкіметтік емес ұйымдар мен олардың көшбасшылары екі орталықта – Алматы мен Астана қалаларында шоғырланған. Бүгінде Алматының өзінде ғана 6 мыңға жуық коммерциялық емес қоғамдық құрылымдар тіркелген. Бұл бүкіл республикадағы ҮЕҰ санының 40 пайызын құрайды», - деп атап өтті И. Тасмағамбетов.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Форум аясында қабылданған барлық ұсынымдар Үкімет тарапынан міндетті түрде қаралып, шешім қабылдауда ескерілетінін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары