Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі сөз
СҚО-да ішінде 11 бала бар микроавтобус өртке оранды

СҚО-да ішінде 11 бала бар микроавтобус өртке оранды

СҚО-да полицейлер өртке оранған микроавтобустың ішінде болған 11 баланы құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желіде жаңа туған ақбөкендердің суреті жарияланды (ФОТО)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет ақбөкендердің төлдеу мезгілі басталғандығын хабарлап, жаңа туған лақтардың суретін жариялады. 

Қызылордада босануға келген әйелдің жатырын алып тастаған

Қызылорда облысында босанбақ болып жүрген 35 жастағы әйел ауруханада бір жарым ай бойы ес-түссіз жатып, қайтыс болған. Марқұмның отбасы қайлығы жағдайға дәрігерлерді кінәлауда. Олар әйелді аман алып қала алатынын айтқан. Сорақысы сол, олар әйелдің жатырын кесіп тастап, мұны жасырып келген, деп xабарлайды 31-арна.

Тәжірибелі реформатор Тоқаев Қазақстанды дағдарыстан қалай алып шықты?

Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр бола отырып, еліміздің іргесін нығайтуда маңызды рөл атқарды. 1999-2002 жылдары ол ҚР бірінші президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасын орындай отырып, еліміздің экономикасын жақсартты.

Медеу мұз айдынының дәретxанасында 16 жастағы қызды зорлаған күдікті босатылды

Алматыдағы Медеу мұз айдынында 16 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам кепілмен босатылған. Бұл туралы адвокат Джохар Өтебеков мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Альварес Головкинді тағы бір мәрте жеңетінін мәлімдеді

Мексикалық кәсіпқой боксшысы Сауль «Канело»  Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші мәрте шаршы алаңға шығуы жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды sport.kz.

Алматы облысында сотталушы өзін төсекке таңып, туыстарына хабарласуға мұрсат бермей отырғанына шағымданады

Алматы облысы Заречныйдағы ЛА-155/14 жалпы режимдегі колония сотталушысы, мүгедектігі бар Василий Кузьмин өзін түрменің медициналық бөлімшесінде төсекке таңып, туыстарына хабарласуға мүмкіндік бермей отырғанына шағымданады. Ол өзіне қажетті дәрі-дәрмекке тапсырыс беру үшін туыстарына хабарласайын десе, түрме әкімшілігі өтінішіне құлақ аспайды. Кузьминнің шағымын Азаттық тілшісіне түрмеге 3 мамырда барған адвокаты Ялкун Таиров жеткізді.

Таразда автобуспен соғысқан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды (ВИДЕО)

Таразда жолаушылар автобусы мен жедел жәрдем көлігі соқтығысып, салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

«Сауатсыз болды»: лингвистикалық комиссия президенттікке үміткер Жұматай Әлиевтің қазақ тілін білмейтінін айтты

ҚР Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді меңгермеген. Мұндай қорытындыны бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссия шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім адам өлтірді деген күдікке ілінді

Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 жастағы жеткіншектің өлімі үшін күдіктелуде хабарлайды KAZ.NUR.KZ.