Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі сөз
Нұр-Сұлтанда мереке қарсаңында журналистердің көлігінің терезесін сындырып кетті

Нұр-Сұлтанда мереке қарсаңында журналистердің көлігінің терезесін сындырып кетті

1 мамырға қараған түні Азаттықтың Нұр-Сұлтан бюросының операторы Ержан Әмірхановтың көлігінің терезесін әлдекімдер шағып кетті. Әмірханов бұл туралы таңертең білген. Азаттық тілшісі өзімен қатар тұрған тағы бір көліктің терезесі сынғанын көргенімен, оның иесі оқиға орнына полиция жеткен соң да келмеген.

Президенттікке үміткер Әміржан Қосанов Конституция талаптарына сай – ҚР ОСК

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Президенттікке үміткер Әміржан Қосановтың Конституция талаптарына сай екенін мәлімдеді. Бұл туралы ОСК-нің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өгей шешеден қорлық көрген қыздар «Жас балаларды бейімдеу орталығына» тапсырылды

Өткен аптада өгей шешеден қорлық көрген 3 қыз жайлы ақпарат желіні желдей есіп, үлкен шу туғызған болатын. Қыздардың қоғамдық қорғаушысы заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желідегі парақшасына  балалардың бейімдеу орталығына тапсырылғанын айтып, үшеуін де алдағы уақытта мемлекет өзі бақылап отыратынын жазыпты. 

Ақтөбеде кішкентай қыздың өгей әкесінен зорлық көргенін анасы білсе де ешкімге айтпаған

Ақтөбеде 4- сынып оқушысы өгей әкесінен көрген қорлықты айтуға қорқып келген. Сынып жетекшісі  бүлдіршіннің 1-сыныптан бастап жыныстық қатынасқа тартылғанын айтып отыр. Өгей әкесі баланы түн ортасында оятып, қораның ішіне алып кететін болған деп жазады Nur.kz.

Астана атауын өзгертуге қарсы шыққаны үшін оқудан қуылған студент колледжге қайта оралды (ВИДЕО)

Астана атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгертуге қарсы болғаны үшін колледжден шығарылған 16 жастағы Дамир Молдағұл екі аптадан кейін оқуына қайта оралды. Колледж басшылығы студентті «ҚДТ митингісіне қатысып, президентке қарсы шыққаны үшін оқудан шығарған», деп жазады Азаттық.

«Этноаул емес – Қазақ ауылы»: Мұхтар Тайжан құлдық санадан арылуға шақырды

Белгілі саясаткер, экономист Мұхтар Тайжан өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қолданыстағы бірнеше сөзді тізіп, қатесін түзеді. 

Астана атын ауыстыруға қарсы шыққан 16 жастағы студентті оқудан шығарған: анасы ақталған министрдің сөзімен келіспейді

22 наурызда Қазақстан астанасының атын «Нұр-Сұлтан» деп өзгеруіне «қарсылық білдірген соң оқуынан шығарылғаны» хабарланған 16 жастағы студент туралы білім министрі Күләш Шәмшидинова пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған Азаттық.

Жәнібек Әлімxанұлы АҚШ-та екі титулдық белбеуді жеңіп алды

ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) алғашқы титулдық айқасын өткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Көргенсіз, қалай қуанып жатыр?»: Соттан шыға бақырған Әлімбекованы жұрт жерден алып, жерге салды (ВИДЕО)

ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабы бойынша 6 жылға бас бостандығынан айрылған әнші Гауһар Әлімбекова күні кеше сотта ақталып шыққан болатын. Өнер иесінің сот залынан шыға салысымен бақырған сәті Instagram әлеуметтік желісіндегі  @qaz.stars тобында жарияланды. 

Кәрім Мәсімовтің әкесі қайтыс болды

ҚР ҰҚК-нің басшысы Кәрім Мәсімовтің әкесі Қажымқан Мәсімов өмірден өтті.