Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Twitter-парақшасында.
Естеріңізге салайық, Парламенттің қос палатасы бірауыздан қабылдаған осынау құжат Конституциялық кеңеске биыл 6 наурыз күні жоданған болатын. Онда Ата заңның 19 бабына 26 түзету енгізу қаралған. Негізгі мақсат - президенттің кейбір құзыретін биліктің тармақтарына бөліп беру.
Осы құжатқа сәйкес, бұдан былай Мемлекет басшысы тек Ішкі істер министрін ғана өз тағайындай алады. Сондай-ақ, құжатта лаңкестерді азаматтығынан айыру мәселесі де көтерілген.