24.03.2017, 03:45

Н.Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының 25-сессиясын шақыртты

ҚР Президенті Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақырту туралы өкімге қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Құжаттың толық нұсқасы мынадай:

1. Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма бесінші сессиясы 2017 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» күн тәртібімен шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

Айта кетейік, 2015 жылы ҚХА-ның құрылғанына 20 жыл толуына орай елімізде Ассамблея жылы деп бекітіліп, жыл бойы осы мерейтой аясында жүздеген іс-шара өткен болатын.