Биыл 1 маусымда ҚР Энергетика министрі Қ.А.Бозымбаев өңірлерде бейнеконференция байланысын қамтамасыз ету арқылы халық алдындағы есеп беру кездесуін өткізеді. Іс-шара Астанадағы «Қазмедиа» орталығында сағат 11:00-де басталмақ.
Министрге сұрақ қойғысы келген тұрғындар 8(7172) 786862, 786884 телефон номеріне хабарласуына немесе сұрақтарын zh.baktygali@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz электронды адресіне жолдай алады.
Сонымен қатар, проблемалық мәселелерді Энергетика министрлігінің сайтында (www.energo.gov.kz) жұмыс істейтін «Энергетика министрінің халық алдында есептік кездесуі форумында» талқылауға болады.