Украинада Саакашвили төңірегіндегі ахуал тағы да ушығып жатыр. Киевте оны үй шатырынан арнайы жасақтың күштеп алып бара жатқан видеосы пайда болды, деп мәлімдейді Vesti.ru.
Бүгін Грузияның экс-президенті, Одесса облысының бұрыңғы басшысы Михаил Саакашвилидің тұрып жатқан пәтерінде тінту жүргізілді. Оппозициялық саясаткер қарсылық ретінде үйдің төбесіне шығып, секіріп кететінін айтып қорқытқанымен, бұл қадамға барған жоқ.
Кейін, Саакашвилиді үйінен қолына кісен салып, басын қымтап, автобусқа отырғызып алып кеткені хабарланды. Бірақ, бұл жағдайға тосқауыл болуға тырысқан оның бірнеше жақтасы жарақат алды.