Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға маңызды жолдауын арнайды деп күтілуде. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы мәлімдеді.
Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібаевтың айтуынша, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды мәлімдеме жасайды. Алайда, Мемлекет басшысының не туралы айтатыны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, ел Президенті әр жылдың қаңтар айында Қазақстан халқына жолдауын арнайды.