02.03.2018, 03:02

5 наурызда Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы өтеді

Биыл 5 наурызда Парламент қос палатасының бірлескен отырысы өтеді. Мұндай өкімге Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойды деп жазады ҚР Парламентінің ресми сайты.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылғы 5 наурызда сағат 12-де Астана қаласында шақырылсын", - делінген Нығматулин қол қойған өкімде.