ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Жиынды ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты деп жазады ҚазАқпарат.
Сондай-ақ, бірлескен отырысқа ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Үкіметінің мүшелері толық құрамда, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары қатысып отыр.
Еске сала кетейік, 2 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойған болатын.