Сирия президенті Башар Асадтың айдай сұлу әйелі үнемі оның жанынан табылады. Асма Асадтың әдемілігіне білім деңгейі де сайма-сай. Англияның үздік оқу орнын тәмамдап болашағынан зор үміттірген қыз бүгінгі күні "тозақтың бірінші ханымы" атанып кеткен деп хабарлайды ofigenno.com.
Асма Лондон қаласында ауқатты отбасында дүниеге келді. Оның анасы ұзақ жылдар бойы сириялық елшілікте дипломат болып қызмет атқарған. Ал әкесі танымал кардиолог маман болды.
Англияның үздік жоғарғы оқу орнын тәмамдаған Асма біраз уақыт бойы Deutsche Bank Group атты танымал неміс банкінде жұмыс істейді. Алайда, болашағынан зор үміт күттірген бойжеткен шығыс ханзадасына ғашық болып, мансабын артқа ысыра сүйіктісімен оның тарихи отанына кетіп қалады.
Содан бері Асма Асадтың суреттері әлемнің алдыңғы қатарлы басылымдарынан көрініс тапқан. Тіпті 2008 жылы Elle журналы оған ең сұлу бірінші ханым атағын берді. Ол Мишель Обама мен Карла Саркозиді шаң қақтырмай, артта қалдырды.
Көпшілік Асманың стилін өз алдына бір бөлек ерекше өнер туындысына теңейді. Ол рас. Сирияның бірінші ханымы өзінің киім үлгілерінде қарапайымдылылық пен ұстамдылықты үйлестіре білген. Оның ерекше талғамына Еуропа мен Америкадағы өмірі ықпал етсе керек.
Алайда, өз елінде Асманы жиі сынның астына алып жатады. Сирия халқы оның ел алдына шыққанда орамал тартпайтыны мен аяқ-қолы көрінің тұратын қысқа киімдер киетіні үшін наразылықтарын білдіріп тұрады.
Үш баланың анасы бола тұра, Асма мемлекеттік маңызды істерге белсенді қатысып тұрады. Сирияда оны қамқор әйелге теңеп кеткен. Асма Асад өз күйеуінің ең үздік қолдаушысы. Оны президенттің өзі де растайды. Оның айтуынша, өз жұмыстарының көптігіне қарамастан, Асма қайырымдылық шараларды барынша көп ұйымдастыруға тырысады. Осының бәріне қалай уақыт табатынына күйеуі таңғалуда.
Сирия бірінші ханымының Instagram желісіндегі суреттері кілең оның қайырымдылық шараларынан жасалған. Олар Башар Асадтың бұйрығымен іске асырылған 28 химиялық соққылары кезінде жүктелсе керек.
Үнемі баспанасыз қалған жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіп жүретін Асма өзін де қымбат әшекей немесе дизайнерлік киімдермен қуантып қоятыны бар. Ол сонау Дубайдан өзіне ең қымбат дүниелерге тапсырыс беріп, Сирияға алдыртатыны белгілі болды.
Президент отбасысы Дамаск қаласында тұрып жатыр. Ол Шығыс Гутаға жақын орналасқандықтан ракеталардың түсу қаупі өте жоғары. Алайда, әуә шабуылдарының нысанасына айналу ел басшысы мен оның отбасын қоқытпаса керек. Асма Асад көшуге мүмкіндігі бола тұра, Сирияны тастап кете алмайтынын айтты.
Жақын арада Башар Асад өз отбасымен Сириядан қашып кетті деген мәлімет шыққан болатын. Алайда ол әлі ресми түрде расталған жоқ.
Сирия президентінің әйелін әлемде "тозақтың бірінші ханымы" деп атап кеткен.
Дереккөз: NUR.KZ