23.04.2018, 05:12

Тараз қаласының әкімі ауысты

Тараз қаласының әкімі ауысты. Turaninfo.kz порталының жазуынша, аталған лауазымға Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы тағайындалған.

Ғалымжан Әбдірайымов 1965 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы», 2003 жылы «Тұран» университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Ол 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, 2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, 2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары, 2017 жылдың 15 ақпанынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін Тараз қаласын Рүстем Дәулет басқарып келген болатын.