Астана қаласының жаңа әкімі қызметіне Бақыт Сұлтанов тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, күні кеше Астана қадасы әкімі қызметін бұған дейін атқарып келген Әсет Исекешев Президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалған.