Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов әскери сот ұжымына жаңадан тағайындалған төраға Жандос Мұсабекұлын таныстырды. Одан бөлек, Ақтөбе облыстық сот төрағасы да тағайындалды деп хабарлайды Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.
«Жандос Мұсабекұлы ағылшын тілін еркін меңгеріп, Лондонда «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен. Оның білімі мен дағдылары барлық сот жүйесін дамытуға, әсіресе ағылшын-саксон және континенттік құқық бөлігінде пайдалы боладыЖеті туысымды қамап тастады», - деді Жоғарғы Сот Төрағасы.
Ол жаңадан тағайындалған әскери соттың төрағасы өзінің бірегей тәжірибесін пайдалана отырып, сот жүйесін дамытуға жаңа серпін беретініне және мемлекет басшысының сенімін ақтайтынына сенім білдірді.
Одан бөлек, Мұсабекұлының Алматы қалалық және аудандық соттың судьясы қызметінде болғаны, Әскери сот алқасы мен әскери горнизон төрағасы қызметін атқарғаны айтылды. Жаңа басшының бұған дейін прокуратура мен заң органдарында жұмыс істегенені де ескерусіз қалған жоқ.
Сондай-ақ, Асанов Сәкен Абдоллаға атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, оны Ақтөбе облыстық сот төрағасы болуымен құттықтады.
Жоғарғы Сот Төрағасы «Сот төрелігінің жеті тасы» бағдарламасын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары туралы қысқаша айтып берді.
Ол жаңа енгізулер арасында сот актілерінің жаңа форматтарын енгізуді, судьялар қызметіне кандидаттарды іріктеуге қойылатын талаптарды арттыруды, соттағы жұмыстың жаңа форматтарын енгізуді және электрондық сот төрелігін дамытуды ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, әскери соттың жаңадан тағайындалған төрағасы мен судьяларының алдына сот төрелігінің сапасын арттыру бойынша бірқатар міндеттер қойылды.
«Сот корпусы мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру, азаматтардың сотқа сенімін және сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру бойынша барлық күш - жігерді жұмсауы тиіс», - деп атап өтті Асанов.
Жандос Мұсабекұлы 1978 жылы Алматыда дүниеге келген.
1999 жылы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін бітірген.
1999-2001 ж. ж. - Алматы қаласы Әділет басқармасы соттар қызметін ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы.
2001-2005 ж. ж. - прокуратура органдарының әр түрлі құрылымдарында жұмыс.
2005-2008 ж. ж. - Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы.
2008-2010 ж. ж. – Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы.
2010-2011 - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы (ҚР Бас прокуратурасының өкілі).
2011-2013 - Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор.
2013-2014 - Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау басқармасының бастығы.
2014-2016 - Алматы қалалық сотының судьясы.
Дереккөз: NUR.KZ
2016-Қазіргі уақытта-Қазақстан Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.