Билік 30.04.2019 сағат 11:34  270

Украинадағы сайлау: Зеленский ресми түрде жеңімпаз атанды

Украинаның орталық сайлау комитеті президенттік сайлаудың екінші кезеңінің ресми нәтижесін жариялады. Қорытында бойынша әзілкеш әрі шоумен Владимир Зеленский ресми түрде жеңімпаз атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Украинадағы сайлау: Зеленский ресми түрде жеңімпаз атанды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Cайлау нәтижелері ресми түрде жариялағаннан кейін енді Жоғарғы рада Владимир Зеленскийдің президент лауазымына кірісетін уақытын белгілейді.

Айта кетейік, Украинадағы президенттік сайлаудың екінші кезеңі 21 сәуір күні өткен болатын.

Анықталғандай, әзілкешке сайлаушылардың 73,22 пайызы дауыс берген. Ал Петр Порошенко 24,45 пайыз дауысқа ие болған.

Зеленский Порошенкодан тоғыз млн артық дауыс жинаған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар