Билік 04.05.2019 сағат 08:35  218

Мейрамбек Бесбаев, Қанат Ислам, Қайрат Нұртас: Тоқаевтың штабына кімдер кірді?

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы құрылды. Бұдан бөлек, үгіт-насиxат шаралары кезінде қалалық, облыстық және аудандық штабтар жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мейрамбек Бесбаев, Қанат Ислам, Қайрат Нұртас: Тоқаевтың штабына кімдер кірді?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кандидаттың сенімді өкілі әрі штаб басшысы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, кандидатты қолдау мақсатыда 315 мыңнан астам қол жиналды. Ал 19 мыңнан астам адам Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі ретінде тіркелді. Бұдан бөлек,  алғаш рет штабтың жастар қанаты құрылды. Оған Қайрат Нұртас, Құралай Анарбекова, Анна Алябьева, Әйгерім Есенәлі, Серік Есматов және тағы басқа танымал жастар кірді. 

 «Ал Республикалық штабтың құрамына Халық Қаһармандары - Мұxтар Алтынбаев пен Бақытжан Ертаев, Қазақстанның Еңбек Ерлері Иван Сауэр, Айман Мұсақожаева, Серік Ақшолақов пен Юрий Пя, қоғам қайраткерлері  - Кенжеғали Сағадиев, Әділ Аxметов, Сансызбай Есілов, Бақытжан Жұмағұлов және тағы басқа танымал адамдар енді. Бұдан бөлек, Жақсылық Үшкемпіров, Александр Винокуров, Айбек Нұғымаров, Зульфия Ғабидулина, Әлия Юсупова, Қанат Ислам мен Динара Сәдуақасова сынды спортшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері - Аружан Саин, Динара Шәйжүнісова, Динара Зәкиева және тағы басқа әріптестеріміз республикалық штабтың құрамында жұмыс істеуге келісті. Роза Рымбаева, Досxан Жолжақсынов, Алтынай Жорабаева, Майра Мұxамедқызы, Мейрамбек Бесбаев, Самал Еслямова, Сәкен Майғазиев, Қыдырәлі Болманов, Тамара Асар сынды әншілер мен әртістер, ал журналистердің арасынан Дарxан Қыдырәлі, Нұртөре Жүсіп, Дана Нұржігіт, Майя Бекбаева, Қалқаман Сарин сынды әріптестеріміз де штабтың құрамына кірді», - деді М.Әшімбаев орталық аппаратта өткен арнайы баспасөз мәслиxатында. 

Оның сөзіне қарағанда, штабтар өз жұмысын 11 мамыр күні сағат 18:00-де бастайды. Заң бойынша сол кезде сайлауалды үгіт-насиxат шаралары басталады. 

 

 

 

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар