Еліміздің Экономика министрі Қуандық Бишімбаев тек білікті экономист емес, әуесқой әнші де болып шықты. Интернетте оның сұлу екі қыздың алдында тұрып ән шырқаған бейнеролигі жарияланды. Видеоматериалды Kazday порталы өзінің Youtube-парақшасына орналастырған.
Қуандық Уәлиханұлы орысша әнді жанды дауыста пианиноның сүйемелдеуімен орындап шықты. Көңілді кеш мейрамханалардың бірінде орын алған болуы мүмкін.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қазақстанның экс-премьері, қазіргі ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің караокеде ән шырқаған видеосы Youtube видео-порталында жарияланған болатын. Кәрім Қажымқанұлы танымал америкалық джаз әншісі Луи Армстронгтың "What are wonderful world" әнін орындаған.
Сондай-ақ, бүгінде басы дауда қалған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының да пианинода ән айтқан видеосын интернеттен тамашалауға болады.