Елбасы ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне келді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Медина қаласына келісімен Нұрсұлтан Назарбаев провинция губернаторы Ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен екіжақты кездесу өткізді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды, сондай-ақ Масджид ән-Нәбауи мешітінің сәулетімен және интерьерімен танысты.
Одан кейін Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королі Салман бен Әбдел Әл Саудпен келіссөздер нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр Рияд қаласына келді.
Сапар барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің тағы бірқатар ресми тұлғаларымен және іскер топтары өкілдерімен кездесу өткізу қарастырылған.