14.11.2016, 05:25

Б.Сағынтаев Астана жолдарындағы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында Астана әкіміне жолдардағы қар жинауға қатысты жағдайды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

«Әсет Өрентайұлы, бұл сіздің қала әкімі ретіндегі алғашқы қысыңыз, алғашқы сынағыңыз, осы жағдайды абыроймен өткеруіңізге тілектеспіз», - деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Айта кетейік, Астанада 12-14 қараша аралығында тоқтаусыз қар жауып, жауын-шашын мөлшері екі тәулікте 21 миллиметрге жетті. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілсе де жолдарды ашып үлгере алмауда. Салдарынан қаланың барлық көшелерінде көлік кептелістері орын алуда.

Синоптиктердің боджамына сәйкес, бүгін Астанада қар жауады, көшпелі бұлт шығады. Күндіз ауа температурасы -13...-15 С.

Ертең, 15 қарашада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз ауа температурасы 21...-23 С, түнде  26 С дейін төмендейді. Ең төмен температура 16 қарашада болады деп күтілуде - күндіз -23С, түнде -31 С дейін төмендейді.