Мемлекет басшысының әйелі Сара Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі республикалық кеңестің 9-шы есеп беру отырысына қатысты деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Отырысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жоғарғы оқу орындарының ректорлары мен білім басқармасының қызметкерлері жиналды. Кеңестің басты мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп қабырғасындағы жасөспірімдер мен студенттердің рухани құндылықтарын арттырып, адамгершілікке тәрбиелеу.
«Қазіргі адамдар ең басты нәрсені ұмытқан. Бастысы дегенім, жалпы адами құндылықтарды, адамгершілікті шетке ысырып қойған. Ең алдымен біз, үлкен адамдар өзімізді рухани тұрғыда тәрбиелеуіміз керек», - деді «Бөбек» қоғамдық қорының президенті Сара Назарбаева.
2016 жылы «Бөбек» және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша бірнеше пилоттық жоба енгізді. Аталмыш бағдарламаны жүйелі түрде жұмыс жасап, болашақта барлық оқу орындарына енгізу жоспарланған.