Қазақстандағы шенеуніктердің жалақысы 2 есеге өсуі мүмкін - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Қазақстандағы шенеуніктердің жалақысы 2 есеге өсуі мүмкін

27.12.2016, 14:21

Мұндай ұсынысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев жасап отыр. Есесіне мемқызметкерлердің үштен бірін қысқарту керек дейді ол. Шенеуніктің пікірінше, бұл қадам мемлекеттік органдардағы жемқорлықтың деңгейін әлдеқайда төмендетпек.

Оның пікірінше, Қазақстандағы мемқызметкерлердің 35%-ын қысқарту арқылы қалғандарының жалақысын екі есеге дейін өсіруге болады екен. Сөзіне мысал ретінде Шпекбаев Грузия мен Балтық елдеріндегі реформаларды атап көрсетті.

"Үлкен реформа жүргізген елдердің барлығы, мысалы Грузия, Молдова, Шығыс Еуропа елдері мен Балтық жаңалауы елдері мемқызметкерлердің жалақысын көтеруді осындай жолмен бастаған. Мәселен, Грузияда жалақы үш есеге дейін өсіп, мемқызметкерлер саны 2 есеге қысқарған болатын. Біз Ерғожин мырзамен бұл мәселені талқылап көрдік. Егер біздің елде мемқызметкерлер санын 35 пайызға қысқартсақ қалғандарының жалақысын екі есеге дейін өсіруге болады", - деді ол Сенат депутаттарымен болған кездесу барысында.

Шпекбаевтың пікірінше, Қазақстанда бұл реформаны жүргізуге ешқандай кедергі жоқ. Бастысы елде жемқорлық көрсеткіші төмендейді дейді ол.

Пікір  

+ +2 Нұрлан 27.12.2016 14:43
Шенеуніктердің жалақысын 3 есеге кемітіп, 35 процентін қысқарту керек!! Өйткені халықтың жағыдайын жақсартатын қарқынды жұмыс жасап отырған жоқ!!
Жауап беру
+ -1 Темір 27.12.2016 19:43
Қысқаратын кім? Министрлер мен басқарма басшылары ма? Әлде лауазымы кіші қызметкерлерме? Мен жемқор шенеуік көргем жоқ. Бірақ дұрыс емес жүйені көріп отырмын
Жауап беру
+ 0 батай 27.12.2016 20:48
өте дұрыс пікір, саны көп сапасы жоқтан, аз болса да сапалы шенеунік болғаны дұрыс.
Жауап беру
+ -1 Айжан 28.12.2016 14:26
масқара-ай олардың қалтасын қашанғы толтыра беруге болады? дәрігерлер мен педагогтарды кім ойлайды екен?
Жауап беру
+ 0 куан 28.12.2016 16:50
карапайым жумысшынын алатын айлыгын 3есеге кобейту керек,шенеуник айлыкка карамайды себеби колында билик бар-бизнеси бар.халыкка жаны ашитын шенеуникти коргендерин бар ма
Жауап беру
+ 0 Балзия 30.12.2016 10:30
Маскарааааааа сол шенеуліктер еш ақшаға тоймайтын шығар. қарапайым қызметкерлер 30-40 мың айлықпен журе берсе, қарапайым халықпен ешкіммен ісі болмайды.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші