Депутаттық этика жөніндегі кеңес Мұхтар Тінікеевтің өтінішін қарады - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Депутаттық этика жөніндегі кеңес Мұхтар Тінікеевтің өтінішін қарады

27.12.2016, 21:27
Депутаттық этика жөніндегі кеңес Мұхтар Тінікеевтің өтінішін қарады Exclusive

Көкшетаулық мәслихаттың экс-депутатын сабап, бейәдеп қылығымен жұрттың жағасын ұстатқан Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев өз сайлаушылары мен әріптестерінен кешірім сұрады. Сондай-ақ, ол Орталық сайлау комиссиясынан депутаттық өкілеттігін тоқтатуға өтініш берген.

Бүгін Депутаттық этика жөніндегі кеңес Тінікеевтің осынау өтінішін қарап, оны мақұлдады деп хабарлайды ҚР Парламентінің ресми сайты.

Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Мұхтар Тінікеевтің дастархан басында мәслихаттың экс-депутаты Полевойды ұрып, балағаттап жатқан сәті түсірілген видеоматериал әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын. Артынша тілшілерге сұхбат берген Мәжіліс депутатының өзі мұны жай әзіл екенін айтып ақталған еді.

Пікір  

+ 0 Айжан 28.12.2016 14:32
"Балық басынан шіриді" деп қазақ жай айтпаған
Жауап беру
+ 0 Оқушы. 01.01.2017 19:41
Жастары 50-жен асса да,басында бір түйір ақыл жоқ екен?..осындайлар еліміздің абыройын төгіп бітті..
Жауап беру
+ 0 Оқушы. 01.01.2017 19:26
Абыройыңды жастай сақта- деп, босқа айтпаған ұлы орыс халықты.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші