Билік - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Билік

Бүгін сағат 21.00-де республикалық телеарналар арқылы Мемлекет басшысының арнаулы мәлімдемесі жарияланады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласындағы Алаш қайраткері, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйіне арнайы барып, тарих және мәдениет ескерткіші саналатын орталықтың жылдар бойы қордаланған мәселелерінің шешілуіне көмек беретінін айтты.

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясына жаңа басшы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қайтадан екіге бөлінді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Твиттердегі парақшасында мәлімдеді.

Бұған дейін "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарып келген Бағдат Мусин Бас прокуратураға қызметін ауыстырды. Бұдан былай ол аталған органның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетін басқарады. Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында жазылған.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен «Қазақстандағы SOS балалар ауылы» корпоративтік қорына қолдау көрсету мәселесі бойынша селекторлық кеңес өтті. Кеңес жұмысына «Қазақстандағы SOS балалар ауылы» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Серік Сейдуманов, Алматы, Астана және Қарағанды облыстары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Қазақстан Президенті Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді қабылдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бүгін "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы Холдингі" АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ұжымына ("Бәйтерек" Холдингінің еншілес ұйымы) жаңа басшыны таныстырды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәслихат хатшыларының айлық жалақылары бірден 30 пайызға дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілістің алқа отырысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова мәлімдеді.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында сапалы қазақстандық киноны түсіру және шалғайдағы елді мекендерде кинозалдар салу қажеттігін айтты. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші