$ 494.87  520.65  4.91

Сириядан ресейлік ұшақпен қайтқан 60 адамның арасында қазақстандықтар да бар

Сирияға гуманитарлық көмек жеткізген РФ ТЖМ-сының Ил-76 ұшағы, кері қайтарда елден кетуді қалаған 60 азаматты Мәскеуге алып келді, деп хабарлайы «Қазақстан жаңалықтары».

РФ ТЖМ Ұлттық дағдарыстық жағдайларды басқару орталығы бастығының орынбасары Олег Вороновтың мәлімдеуінше, «Ил-76» ұшағы Мәскеудің Домодедово әуежайына қонды. 

Мәскеуге келгендердің арасында 42 Ресей азаматы, Қазақстан, Өзбекстан, Белоруссия, Украинаның 10 азаматы, сондай-ақ  Сирияның 8 азаматы бар. 

Ұшу кезінде РФ ТЖМ-сының құтқарушылары, психологтары мен дәрігерлері жолаушыларға барлық қажетті көмекті көрсетті. Жолаушылардың арасында 17 бала бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары