Сирияға гуманитарлық көмек жеткізген РФ ТЖМ-сының Ил-76 ұшағы, кері қайтарда елден кетуді қалаған 60 азаматты Мәскеуге алып келді, деп хабарлайы «Қазақстан жаңалықтары».
РФ ТЖМ Ұлттық дағдарыстық жағдайларды басқару орталығы бастығының орынбасары Олег Вороновтың мәлімдеуінше, «Ил-76» ұшағы Мәскеудің Домодедово әуежайына қонды.
Мәскеуге келгендердің арасында 42 Ресей азаматы, Қазақстан, Өзбекстан, Белоруссия, Украинаның 10 азаматы, сондай-ақ Сирияның 8 азаматы бар.
Ұшу кезінде РФ ТЖМ-сының құтқарушылары, психологтары мен дәрігерлері жолаушыларға барлық қажетті көмекті көрсетті. Жолаушылардың арасында 17 бала бар.