26.08.2014, 03:30

Порошенко Жоғарғы Раданы таратып жіберді

Сурет: ria.ru

Украина президенті Петр Порошенко Жоғарғы Раданы уақытынан бұрын таратып жіберді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Құрметті отандастар! Мен жетінші шақырылымдағы Жоғарғы Раданың өкілеттілігін тоқтату шешімін қабылдадым» делінген президенттің «Твиттер» парақшасына ресми жазған мәлімдемесінде.

Ресми сайтта жарияланған Порошенконың мәлімдемесінде айтылғандай, шілде айында құрамына «Батькивщина», «УДАР» және «Свобода» депутаттық фракциялары кірген коалициялық блок ыдырап, бір ай көлемінде жаңасы жасақталмаған. Осыған байланысты Порошенко Жоғарғы Раданы тарату мүмкіндігін пайдаланып отыр.