26.08.2014, 03:55

Қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды

Сурет: 1news.az

Кейбір ақпараттарға қарағанда, Қырғызстанның даулы ауданында жол салу жоспарына қарсы шыққан тәжік ауылы тұрғындарына қырғыз шекарашылары оқ атып, төрт адам жараланған, деп хабарлайды Азаттық.

Жергілікті тұрғындар Азаттықтың Тәжік қызметіне «оқиға 25 тамыз күні Бободжон Гафур ауданында болғанын» айтады. Жараланған бір адамның жағдайы нашар.

Куәгерлерге сілтеме жасаған «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Баткен облысының Лейлек ауданында тәжік және қырғыз шекарашылары арасында атыс болған. Қырғызстанның шекара қызметі «тәжік әскерилері шекараның белгіленбеген тұсына бекет орнатпақ болды» дейді. Бұл оқиғадан ешкім зардап шекпеген.