$ 448.15  483.46  4.86

Украинаға Ресей әскері кірді

Украина Президенті Петр Порошенко Украинаға Ресей әскерінің кіргенін мәлімдеді. Ол Түркияға сапарын тоқтатып, шұғыл түрде Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесін шақырды, деп хабарлайды «Қазақпарат» РБК-ға сілтеме жасай отырып.

— Донецк облысында, атап айтқанда, Амвросиевка пен Старобешевода жағдай күрт ушығуына байланысты Түркия Республикасына жұмыс сапарымды тоқтатуға шешім қабылдадым. Себебі, Украинаға Ресей әскері кірді, — деп мәлімдеді Порошенко.

Сонымен қатар, мұндай жағдайда Президенттің орны Киевте болуы керектігін айтқан Порошенко алдағы іс-қимылдар жоспарын жасау үшін Украинаның ҰҚҚК отырысы өтетінін хабарлады.

Украина БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын жедел шақырту қажет деп санайды.

«Әлем Украинадағы күрт ушыққан жағдайға баға беруі тиіс», - дей келе ол Украина Еуроодақтың шұғыл кеңесін шақыру үшін еуропалық әріптестеріне жүгінетінін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары