29.08.2014, 06:50

Сарапшылар малайзиялық Boeing ұшағы апатынан қаза болған 176 адамды таныды

Сурет: actualnews.org

Халықаралық сарапшылар Украинаның шығысында малайзиялық Boeing ұшағы апатынан қаза болған 176 адамды таныды, деп хабарлайды РИА Новости.

Қаза болғандардың 43 мәйіті отбасыларына тапсырылды.

Еске сала кетсек, 17 шілдеде Амстердам - Куала-Лумпур бағытында ұшқан малайзиялық Boeing 777 Украина аумағындағы апатқа ұшыраған болатын Қолдағы мәліметтерге қарағанда апат салдарынан борттағы барлық 298 адам түгел қазаға ұшыраған.