29.08.2014, 07:20

Францияда гомосексуалистер үшін мешіт ашылды

Сурет: navidoo.ru

Франция мешіттерінің бірінде мұсылман жамағатына дәстүрлі төсек қатынасынан бас тартқан қызтеке уағыз айтып жүр, деп хабарлайды Nur.kz.

Алжир тумасы Людовик Мұхаммед Заһид бала шағынан Францияда тұрып келеді. Ол 12 жасында мешітке келуді әдетке айналдырады. Сөйтіп жүріп жергілікті сәләфилердің жетегінде кетеді. Онымен қоймай есірткі қабылдап, ВИЧ жұқтырған екен.

30 жасында мұсылмандар арасында қызтекелер мен еркекшоралар (гейлер мен лесбиянкалар) клубын құрады. Мұнымен ғана шектелмей, қызтекелерге арналған мешіт ашып, өзін имаммын деп жариялайды.

Осыған ұқсас сорақылық шведтердің астанасы - Стокгольм қаласында жалғасын тауып, қызтеке «имам» Сахар Муслих және Марьям Иранфар есімді тегі ирандық екі лесби қыздардың некесін қияды.