Үндістанның Уттар Прадеш штатында жеті жасар Тану есімді қыздың ата-анасы іздестірілуде, деп хабарлайды E-islam.kz.
Би-би-си агенттігінің ақпаратына сүйенсек, бір жұмысшы кішкене қыздың жанайқайын естиді, дыбыс шыққан маңға келіп, топырақ астынан қимыл байқаған. Сосын жер астынан қызды қазып алған.
Жергілікті полицейлердің болжамы бойынша, қыздың ағасы мен әпкесі ауыл жәрмеңкесіне апарып келеміз деген желеумен, оны үйден алдап ертіп шыққан. Одан кейін қызды тұншықтырып, алдын ала дайындалған шұқырға тастайды. Тылсымның күшімен аман қалған қыз қазір ауруханада, өзін жақсы сезінеді екен.
Айта кету керек, Үндістанда мұндай жауыздықтар жиі орын алады. Ұл баланың бағасын артық көретін олар, қыздарын осылай өз қолдарымен өлтіреді екен.