АҚШ Президенті Барака Обама 18 қыркүйекте Ақ үйде украиндық әріптесі Петр Порошенкомен кездесу өткізеді, деп хабарлады «Қазақпарат» шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Обама Порошенкомен Украинаның шығысындағы дағдарысты дипломатиялық жолмен шешу мәселесін талқыламақ.
Сондай-ақ АҚШ егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау жолындағы күресте Украинаны қолдауын жалғастыратынын атап өтті.
Кеше АҚШ Президенті Барак Обама Ресейді Украина шығысында зорлық-зомбылық жасағаны үшін айыптады.
БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Виталий Чуркин дағдарысты «өз халқына қарсы соғыс жүргізіп жатқан Киевтің жауапсыз саясатының тікелей салдары» деп мәлімдеді.