Сирияда азамат соғысынан босып кеткен сириялықтар саны үш милилонға жетті, деп хабарлайды Азаттық.
БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттіктің дерегінше, елде 6 жарым миллион адам үй-күйінен айырылған.
БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Антонио Гутеррес 29 тамызда таратқан мәлімдемесінде Сирия дағдарысы «дәуіріміздегі ең ірі гуманитарлық апат» болғанын айтты. Сирияда қақтығыстар басталған 2011 жылдың наурызынан бері халықтың жартысына жуығы үйлерін тастап, босып кетуге мәжбүр болған.
Соғысқа дейін Сирияда 23 миллион адам тұрған.