Дайджест 09.09.2014 сағат 03:44

Бүгін Apple жаңа iPhone смартфонын таныстырады

Бүгін кешке Apple өзінің жаңа өнімдерінің таныстырылымын жасайды. Әзірге компания өкілдері нақты қандай тауардың тұсауы кесілетінін хабарлаған жоқ. Дегенмен, америкалық The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, Apple көпшілікке диагоналі 4,7 және 5,5 дюйм болатын жаңа iPhone смартфоны мен «ақылды» сағатты таныстырады, деп хабарлайды Baq.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Экраны 4,7 дюйм болатын iPhone-ның пішіні көпшіліктің көзі үйренген, ұстауға ыңғайлы Samsung смартфондарының пішініндей. Ал, 5,5 дюйм болатын iPhone – планшеттен сәл ғана шағын, бірақ қарапайым смартфоннан үлкен. Сарапшылар оны Samsung Galaxy Note смартфондарына бәсекелес болады деп жоспарлап отыр.

Бағасына да тоқталсақ. Әдетте сатылымға шыққан бірінші күні iPhone-ның ең арзаны АҚШ-та 199 долларды құрайды. Ал, ең қымбаты – 399 доллар. Бірақ, бұл жолы жаңа смартфондардың бағасы әдеттегіден қымбаттау болуы мүмкін. Өйткені, телефон дисплейінде жасанды сапфир қаптамасы бар.

Сарапшылардың айтуынша, үлкен iPhone-ның жады 128 Гб болады. Сонымен қатар, смартфондарда Near Field Communication технологиясы қолданылмақ. Яғни, оның көмегімен телефонды банктың карточкасы ретінде пайдалануға болады. Ал, смартфонның бейнекамерасы алдыңғы iPhone-ның камерасынан әлдеқайда сапалы түсірілім жасауға мүмкіндік береді деп күтілуде. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар