$ 448.89  477.93  4.76

Ресейлік депутат империялы кезеңді аңсайды

Ресей Думасының депутаты, либералды-демократиялық партия фракциясының мүшесі Михаил Дегтярев мемлекеттің туын империялық қара-сары-ақ түске ауыстыру керек деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, бір кездері Қырым мен Шығыс Пруссия, Аляска, Кавказ, Польша, Балтық жағалауы, Орталық Азия мен Финляндияны қоластына алған алып мемлекет осы туды қолданған. Осындай түсті ту кезінде Ресейдің жер аумағы әлдеқайда ұлғая түскен.

―Өз Отанын құрметтейтін әрбір азаматтың ұлы тарихы бар ұлы елде өмір сүргісі келеді. Мемлекеттік тудың алдыңғы нұсқасын қайта жаңғырту жоғалтқан тарихымызды қайта тіктеу, Ресейдің халықаралық беделін нықтай түсуге нақты мысал болар еді. Империялық ту кезінде біз жарқын жеңістерге қол жеткіздік, ол қазір де елді біріктіре алатын қасиетке ие, ― дейді депутат өз сөзінде.

Оның айтуынша, Ресейдің қазіргі туы ешқандай қоғамдық талқылаусыз, Ельциннің америкалық кеңесшілерінің ақыл-кеңесімен қабылданып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары