Украиндық күш-қуат өкілдері малайзиялық Boeing ұшағының Украинаның шығысында апатқа ұшырағанын қуаттады. Бұл туралы ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне күш-қуат арнайы операциясының ресми өкілі Владислав Селезнев мәлімдеген, деп хабарлайды «Қазақпарат».
―Мұндай ақпарат бар, "Амстердам- Куала-Лумпур" бағытындағы Boeing 777 Торезден солтүстікке қарай пунктте құлады. Ол белгілі бір халықаралық дәлізбен ұшып келе жатқан болатын, ― деді Селезнев.
Бұдан бұрын украиндық БАҚ Еспресо.TV өз дереккөзіне сілтеме жасап Амстердамнан Малайзияға бағыт алған ұшақ қазір белсенді ұрыс қимылдары жүріп жатқан Донецк облысының Шахтерск қаласы маңында құлағанын хабарлаған болатын.
Алдын-ала ақпарат бойынша, 280 жолаушы мен экипаждың 15 мүшесі қаза тапқан. Олардың 80-і ― балалар.
Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, апатқа жауапкершілікті өз мойнына Стрелков лақап атымен белгілі ДХР-дың лидері алды.
Осы уақытта бірқатар халықаралық әуекомпаниялар, атап айтсақ, Түркия, Франция, Ресей тасымалдаушылары Украинаның көгінде ұшудан бас тартатындарын мәлімдеді.