Украинада апатқа ұшыраған Boeing-777 жолаушылар ұшағында Қазақстан азаматтары болмаған, деп хабарлайды skifnews.kz.
― Қазіргі уақытта келіп түскен ақпарат бойынша, ұшақ бортында қазақстандықтар болмаған, ― деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханова.
Еске сала кетсек, кеше Украинаның Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған малайзиялық «Boeing-777» жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Шетелдік БАҚ таратқан мәліметтерге қарағанда апат салдарынан борттағы барлық 295 адам (280 жолаушы және экипаждың 15 мүшесі) түгел қазаға ұшыраған.