19.07.2014, 05:00

Украина диспетчерлері Малайзия ұшағынан төмен ұшуды талап еткен

Сурет: orbita.dn.ua

Украинада апатқа ұшыраған Malaysia Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing-777 ұшағында болған жолаушылардың туыстары бастапқы өтемақы ретінде 5 мың доллар алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

― Ұшақта болған жолаушылардың туыстары қаржылық қиындықтарды өткеріп жатқанын түсінеміз. Сондықтан да біз олардың бастапқы шығындары үшін бес мың доллар береміз, ― дейді  Хейб Гортер.

Сонымен қатар, Malaysia Ailrines компаниясының вице-президенті ұшақтың радар бетінен жоғалып кеткенге дейін оның барлық жүйесі дұрыс жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, Boeing-777 украиналық диспечерлер талап еткендіктен жоспар бойынша бекітілген жылдамдықтан төмен ұшқан.

Сондай-ақ, Гортердің айтуынша, ұшақтың ұшу биіктігі жоспар бойынша 10,66 шақырым болған, бірақ диспечерлердің талабы бойынша 10,05 шақырымға дейін төмен түскен.