23 адамның өмірін қиған Мәскеу метросындағы апатқа қатысты қозғалған қылмыстық іске тағы бірнеше адам күдікті ретінде тартылады, деп хабарлайды «Қазақпарат» «Известия» газетіне сілтеме жасай отырып.
Бұған дейін күдікті ретінде қамауға алынған «Мәскеу метрополитені» жол қызметінің мастері Валерий Башкатов пен оның көмекшісі Юрий Гордовтан бөлек, қылмыстық іске жаңа тұлғалар тартылады. Енді тергеушілер рельсті тексерушілер мен сілтеуіштерді орнатушы жұмысшыларды да жауапқа тартпақ.
Мұнымен қатар, басылымның жазуынша, «Мәскеу метрополитені» 3-ші дистанция басшылығы да жауапкершілікке тартылуы мүмкін.